Бүгін 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Халықаралық әйелдер күні көктемнің алғашқы мерекелерінің бірі ретінде мейірім, сұлулық пен жылылықтың символына айналған. Бұл күні аналарға, әжелерге, әпке-қарындастарға, әріптестер мен ұстаздарға жылы лебіз айтылып, алғыс білдіріледі.

8 наурыз – тек мерекелік күн ғана емес, әйелдердің еңбегін, қажыр-қайратын, қоғамдағы орнын тағы бір мәрте бағамдайтын маңызды дата. Сондықтан бұл мейрам барша жанға сыйластық пен ізгіліктің мәнін еске салады.