Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Синоптиктердің болжауынша, республиканың басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстан Республикасының көп бөлігінде қар жауады.

Оңтүстік-батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Синоптиктердің болжамынша, республика бойынша желдің күшеюі, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасынмен, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, елдің солтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.