Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн бұлттанып, найзағай күтіледі

Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, кей өңірде екпінді жел болуы ықтимал, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысы

Түнде Қостанай облысының оңтүстігінде-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Семей қ.: 02 маусымда күндіз найзағай күтіледі, жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Жезқазған қ.: 02 маусымда солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 02 маусымда түнде найзағай, тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қ.: 02 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, отралығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, орталығында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. Қарағанды қ.: 02 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облысының солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысы

Күндіз Түркістан облысының тау асуларында солтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, шөлді аудандарында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 02 маусымда күндіз найзағай күтіледі, жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15 м/с.

Ақтөбе облысы

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қаласында 02 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі.

Маңғыстау облысы

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысы

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: 02 маусымда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады

Павлодар облысы

Күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел солтүстіктен соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 02 маусымда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 02 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 13 м/с. Қонаев қ.: 02 маусымда күннің екінші жартысында найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел екпіні 15 м/с.