Бүгін қазақстандық боксшылар Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін сайысты жалғастырады

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

63,5 келіге дейінгі cалмақта ерлер арасында Мұхамедсабыр Базарбайұлы Түркиялық боксшы Мизан Айкөлмен кездеседі.

Сондай-ақ 54 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында Ұлжан Сәрсенбек өз бағын сынап көреді. .

Астана уақыты бойынша, Мұхамедсабыр жекпе-жегі 11:45-те, ал Ұлжандыкы 16:45-те өтеді. Лицензиялық турнир Тайланд астанасы Бангокта өтіп жатыр.