Caravan Logo

Бүгін Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге баратын боксшылар анықталады

Бүгін Париж олимпиадасына жолдама беретін турнирге баратын боксшылар анықталады

Боксшылар Бангкокта (Таиланд) өтетін лицензиялық жарысқа бару құқығына таласады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жекпе-жектер Астана уақытымен 16:00-де басталады. 

Финалда төрт кездесу өтеді. 

Лицензиялық турнирге қатысу мүмкіндігі үшін мына боксшылар таласатын болады:

1. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Дулат Бекбауов (63,5 келі)

2. Ұлжан Сәрсенбек – Сымбат Әлиасқар (54 келі)

3. Наталья Богданва  - Жасмин Қизатова (66 келі)

4. Валентина Хальзова – Гүлсая Ержан (75 келі)

Жекпе-жектер Астана уақытымен 16:00-де басталады.