Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Дауласуға әзілкештің фильмге байланысты пікірі себеп болған.
”Нұрболхансыз күніміз қалай болар екен енді. Бықсытып не айта алмай жүрсіз өзі, Н мырза? Азаматсыз ғой, ашып айтсаңызшы міңгірлей бермей. Жұрт киноларды салыстырса - ол біздің маркетинг екен, бір көрермен назын айтса - тағы біздің манипуляция.
Осы 10 күн бойы шулап жатқан елдің бәрі менің жеке танысым шығар мүмкін? Әлия Бөпежанова, Айгүл Ісмақова бастаған жүздеген өнер-ғылым өкілдерінің жоғары бағасын ақша беріп сатып алған шығармыз”, - деді продюсер.
Нұрболхан Шарапов продюсердің жазбасына бірден жауап беріп, онымен “алысатын жағдайы жоқ” екенін айтты.
“Әпше, қойшы, өзім соғыстан кеше келдім. Енді сенімен алысатын уақыт жоқ. Менсіз жасай бер маркетингті.🥱 Кино түсірдім деп шетімізден аузын ашқанның бәрін қырып бара жатсыз ғой.
Бармаған халықты кінәләп бәрін ЧМО дегенге қосылып отырсаңыз онда ниетіңізге қарай касса бұйырса. Сәттiлiк”, - деді әзілкеш.
Кейін Нұрболхан Шарапов өз парақшасында “Жарығым-ай” фильмі туралы айтып, “хайпсыз” жақсы қаржы жинағанын атап өтті.
”Жарығым-ай" фильмi 2-шi аптасында өте жақсы тауып 1 орынға шығыпты. Жарайсыңдар! Көп бықсымай, жан жағыңа құспай, мен арқылы хайп ұстамай осылай тып тыныш кассаңды жинағанға не жетсiн”, - деп жазды әзілкеш.