Былтыр еліміз бойынша 35 мыңнан аса тұрғын үй нысаны салынған

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«2023 жылы 38 017 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталды, оның ішінде 35 304 нысан тұрғын үй болса, 2 713 нысан өзге мақсатқа салынған құрылыс обьектілері. Пайдалануға беріген тұрғын үйлердің жалпы алаңы 17,8 млн.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,8% өсті», — делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана халқының саны 1,5 миллионға жуықтағанын жазған болатынбыз.