"Республикалық бюджет шығындарын орындау мен мемлекет активтерін басқару бұрынғыдай бюджет қаржысын толық игермеу арқылы жүргізілуде, игерілмей қалған мемлекет қаржысы 26 млрд теңгені құрады, бұл жекелеген мемлекеттік және салалық бағдарламалардың көлеміне парапар", -деді ол.
Бұған қоса Есеп комитетінің басшысы "даму институттары, мемлекеттің қатысуымен құрылған басқа да акционерлік қоғамдар мен жекелеген мемлекеттік кәсіпорындардың бюджет қаржысын (50 млрд теңгеден астам қаржыны) екінші деңгейлі банктердің депозитіне бағыттауының іс жүзінде заңдылығын" атап өтті.
Ол сондай-ақ, жергілікті атқарушы билік органдарының республикалық бюджеттен бөлінген трансферттерді пайдалануының тиімділігінің төмендігі мен тиімсіз шығындар көлемін біршама арттыру арқылы бюджеттік-салық тәртібін сақтау деңгейінің төмендігі сақталып отырғанын атап өтті. "Мәселен, шығындар бойынша анықталған заң бұзушылықтар көлемі 77 млрд теңгені, активтер бойынша - 13 млрд теңгені құрады, ал өткен жылмен салыстырғанда тиімсіз пайдаланылғандығы анықталған бюджет қаржысының көлемі 2 еседен артық өсті", -деді О. Өксікбаев.