Былтыр Қазақстанға қанша қандас көшіп келді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына жолдаған жауабындағы дерекке сай, бұл тізімде солтүстік өңірлер көш бастап тұр. Атап айтқанда: 

— Павлодар облысына — 2 190 адам,
— Солтүстік Қазақстан облысына — 2 176 адам,
— Шығыс Қазақстан облысына — 774 адам,
— Қостанай облысына — 651 адам,
— Абай облысына — 508 адам,
— Ақмола облысына — 300 адам,
— Атырау облысына — 103 адам,
— Ұлытау облысына — 103 адам,
— Қарағанды облысына — 38 адам қоныс аударған.

Көшіп келуші адамдар мына елдерден келген:

Қытайдан — 853
Өзбекстаннан — 720
Моңғолиядан — 459
Ресейден — 103
Түрікменстаннан — 64
басқа елдерден — 35 адам.
Министрлік атап өткендей, қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде қоныстану өңірлеріндегі көші-қонның теріс сальдосы 2019 жылмен салыстырғанда 36%-ға төмендеді. Бұл шаралар қоныс аударушылар мен қандастарға арналған әлеуметтік және тұрғын үй қолдауын жақсартуға мүмкіндік береді.