«Былтыр өмірге келген 450 мың сәбидің 80 пайызы қазақтар» – Сарапшы орыстардың туу көрсеткішінің қаншалықты аздығын айтты

Бұл туралы демография мәселесімен айналысатан Мақсат Имандосов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Ұлттық статистика бюросының есебі жаңа туған нәрестелер саны бойынша Қазақстан тарихындағы жаңа рекордты растады. Өткен жылы елімізде 450 мың сәби дүниеге келген. Дегенмен алдағы онжылдықта бұл демографиялық көрсеткіштің төмендейтініне отандық демографтардың көпшілігі күмән келтірмейді. Бір ғана мәселе, жаңа туған нәрестелердің саны қаншалықты азаяды. Бірақ 2030 жылдары жағдай жақсара бастайды. Кейбір сарапшылар Қазақстанда бэби бумының жаңа толқыны болмайды дейді. Ал мен 21 ғасырдың 30-жылдарында елімізде туу деңгейінің өсуі айтарлықтай асып түседі деп есептейтін демографтардың пікірімен келісемін. Қазіргі көрсеткіш 450 мың адам»,- деп жазды ол.

Ал дүниеге келген сәбилердің ұлттық құрамы да еріксіз назар аудартады.

«Жаңа туған нәрестелердің ұлттық құрамы жағдайында соңғы жылдардағы тенденциялар күшейе түсуде. Осылайша, жаңа туған нәрестелердің жалпы саны бойынша қазақтардың үлесі 80 пайыздан асты (364,2 мың). Алдағы жылдары бұл көрсеткіш 90 пайызға жетіп, одан да асып түсетіні анық. Өткен жылы елдегі орыс ұлты арасында жаңа туған нәрестелер санының азаю динамикасы мен өзбек халқының көбеюі анық байқалды. 2026 жылы Қазақстанда өзбектер орыстарға қарағанда көбірек туылады деп пайымдауға болады. 2021 жылға арналған деректер бұл болжамды растады. Өзіңіз бағалаңыз, былтыр 31,9 мың орыс баласы дүниеге келген, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,2 мыңға аз. Ал 2021 жылы 21 мың өзбек туылған, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,3 мыңға артық. Қарапайым есептеулер жасай отырып, өзбек ұлтының орыстан көбірек туылуы 2026 жылға қарағанда ертерек болатынын байқауға болады»,- деді Мақсат Имандосов


Сарапшының пікірінше, елімізде ресми статистика көрсеткендей 3,4 млн орыс емес әлдеқайда аз болуы мүмкін екен.

«Айтпақшы, орыс ұлтының туу фактісі небәрі 31,9 мың адамды құрауы Қазақстанда 3,4 миллионнан әлдеқайда аз орыс ұлты өкілдері өмір сүреді деген менің болжамымның дұрыстығын айғақтайды. Менің ойымша, қазақстандық төлқұжаттары бар репродуктивті жастағы орыстар, шын мәнінде қос азаматтыққа ие. Олар көрші Ресейде тұрып жатыр, отбасын құрып, бала туады. Дегенмен, бұл менің субъективті жеке пікірім.

Өңірлер бойынша да тосынсыйлар жоқ емес. Оңтүстік және батыс өңірлердегі туу көрсеткішінің Қазақстанның солтүстігіндегі, орталығы мен шығысындағы туу көрсеткішінен басымдығын арттыруды жалғастыруда және абсолютті. Сонымен бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында (Түркістан облысы+Шымкент) жаңа туған нәрестелер саны бойынша тағы бір рекорд орнатылды. Осыдан 5-7 жыл бұрын бұл өңірде жылына 75 мыңдай бала дүниеге келсе. 2021 жылдың соңына қарай бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысында 100 мыңнан астам бала дүниеге келген. Ал бұл Қазақстанда ғана емес, әлемдік ауқымдағы өте жоғары көрсеткіш. Маңғыстаумен қатар бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысындағы туу көрсеткіші әлемде бала туу көрсеткіші жоғары Африка елдерінің деңгейіне әбден сәйкес келеді»,- деп жазды ол.