Былтыр Қырғызстан президенті 20 мың долларға жуық қаражат тапқан

Ведомство мәліметіне қарағанда, мемлекет басшысының 64 мың шаршы метр аумаққа егілген көп жылдық өсімдіктері бар. Бүгінде олар сенімді басқаруға берілген.

«А.Атамбаев «Форум» ҮЕҰ-ның құрылтайшысы екенін көрсеткен. Ол да сенімді басқаруға беріліпті. Президенттің атында 2007 жылы шыққан «Тойота Лэнд Крузер» көлігі бар», - делінген хабарламада.

«Декларацияға сүйенсек, өткен жылы президенттің зайыбы Раиса Атамбаева 87 мың 546 сом тапқан. Құнды қағаздардан 120 мың доллар мен 145 мың сом дивиденд алыпты. Сондай-ақ, оның гаражы, жалпы аумағы 133,3 және 51,3 шаршы метрлік қос пәтері бар көрінеді. Бірінші ханым «Медиафорум» ААҚ акциясының 86,28 пайызына иелік етеді», - деп хабарлайды МКҚ.