Былтыр скрининг арқылы 304 мың дерт анықталды - министр

Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.

"Халықтың денсаулығын нығайту мақсатында елімізде Ұлттық скриниг бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бұл - ересек тұрғындар мен балаларды экспресс зерттеудің 7 түрі. Былтыр 7 миллион адамды қамтыған 12 миллионнан астам зерттеу жұмыстары жүргізілді. 304 мың дерт анықталып, 260 мың адам тіркеуге алынды", - дейді Елжан Біртанов.

Елбасының тапсырмасы бойынша қоғамдық денсаулықты басқару бойынша шаралар жоспары қабылданып, оқушылардың денсаулығын қорғау бойынша жаңа стандарттар енгізілді.