Өз кезегінде мәжілістің экономика және қаржы жөніндегі комитетінің төрағасы Қаратай Тұрысовтың түсініктемесіне жүгінсек, "бюджет жобасын бірінші оқылымда мақұлдау- жобаны жасауға негіз болған индикативтік жоспардың макроэкономикалық көрсеткіштерін мақұлдауды білдіреді".
"Егер қазір біз бюджеттің нақты параметрлерін белгілеп алсақ, онда келісім комиссиясын құрудың қажеті жоқ, ал бұл комиссия екінші оқылымға өз есептерін ұсыну үшін жұмыс істеуі тиіс",- деді Ж.Тұяқбай.