Бюджетке түсетін кірістің азаюы экономиканың өсімін баяулатады

Себебі әлемдік экономикадағы ушыққан ахуал, Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Мұнай мен қара металлдың құны күн сайын құлдырап жатыр. Осы екеуінен бюджет бүйірін толтырып отырған еліміз үшін аса қуанарлық жағдай емес. Дүниежүзілік нарықтағы қара алтынның түсуі Ұлттық Қордың табысын да тежейді. Бұдан бөлек, импорт көлемі де азайған. Жалпы ішкі өнім болжанғаннан 1,7 пайызға төмен болмақ. Мұның бәрі экономикалық өсімді баяулатынын шенеуніктер мойындап отыр. Бірақ, мұнайдың баррелі 80 долларға түскен жағдайды да ойластырып, арнайы бағдарлама әзірлеп қойыпты.


Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

-Түсімдердің төмендеуіне байланысты бір жағынан шығыстарды қысқартып отырмыз. Екінші жағынан тапшылықты көтеріп отырмыз. 164 миллиардқа. Өткен айда сыртқы нарықтардан 2,5 миллиард қарыздарды алып  едік. Ішкі нарықтан осы тапшылықты қаржыландыру қосымша қаражат тартып отырмыз.