Бюджеттік кодекстің үкімет ұсынған үлгісіне 1150 түзету енгізілді - мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитеті

Мәжіліс депутаттары тарапынан "Қазақстан Республикасындағы бюджеттердің түрі мен деңгейлері" туралы бап бойынша, сондай-ақ, республикалық, облыстық, аудандық және облыстық қалалардың бюджеттеріне түсетін түсімдерге қатысты баптар бойынша ең көп мөлшерде ұсыныстар мен ескертпелер айтылды.

Қабылданған қорытындыда комитет тарапынан атап көрсетілгеніндей, бюджеттік кодекстің үкімет ұсынған жобасында бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы парламенттің құзыры көрсетілген норма енгізілмеген. Осыған байланысты жобаның 9-тарауы "ҚР парламентінің құзыреті" деген 57-баппен толықтырылды.
Мәжіліс бюросының қаулысына сәйкес Бюджеттік кодекстің жобасы палатаның ертең, 29-қазанда өтетін жалпы отырысында бірінші оқылымда қарау үшін жолданды.