Бюджеттік қаржы есебінен Астанада 74 нысанының құрылысы аяқталады

"Мемлекет тарапынан қаржыландырылатын құрылысы аяқталмаған нысандарды белгілеу механизмі былайша жасалды: Астана әкімдігі салынып жатқан тұрғын үйлерді жіктеп, ондағы үлесі бар тұрғындардың мүддесін ескеріп, 74 нысанды анықтады ", -деді Қ. Келімбетов.

"74 нысанның тізімі республика экономикасын жаңарту жөніндегі комиссиясы қарастырылып, екінші деңгейдегі банктерге жөнелтілді. Енді қаржы екінші деңгейдегі банктерге түсетіндіктен, олар 74 нысанды тұрғызып жатқан компаниялармен жұмыс істейтін болады", - деді "Қазынаның" басшысы. "Банктер бұл құрылыс компанияларымен жұмыс істейтіндерін растап, мемлекет тарапынан бөлінген қаржыны игерудің графигін жасаулары керек", - деп атап өтті ол.

"Менің пікірімше, бұл қаржының қайда жұмсалатыны белгілі,ашық болады. Өйткені, бұл әкімдіктермен белгіленген үйлер және олар қаладағы барлық жағдайдан хабардар. Сонымен қатар, банктер бұл құрылыстарды салу немесе салмаудың нарықтағы тиімділігін анықтайды", - деп есептейді Қ. Келімбетов. Осыған байланысты "Қазына тарапынан бұл нысандардың тұрғызылу құнының 85% аудырылса, 5% құрылыс компаниялары өз қалталарынан шығарады. Ал қалған 10% екінші деңгейдегі банктер қосады".

"Банктер мемлекеттік қаржы есебінен тұрғызылатын үйлердің тізімі бойынша шешім шығаратын болса, онда ол басылымдарда жарияланатын болады", - деп ойын қорытындылады "Қазыны" басшысы.

Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун хабарлағанындай, бүгінде Астанада тұрғындардың үлесі бар 227 құрылыс ғимараты тіркелген болса, оның 80 "жоғары дайындық деңгейінде". Тағы да 120 нысанның құрылысы тамыз айына дейін жасалып, оларға қатыста ешқандай мәселе туындамаған", - деп түсіндірді С. Хорошун.

Ол атап өткеніндей, Астанадағы 26 тұрғын үй баспана мәселесі шешімін таппай отыр. "Олардың әр қайсысының құрылысын аяқтаудың жолдары іздестіріліп, қорытындысында инвесторлар табылды", - деді әкім орынбасары.

Ал екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырылатын 74 нысанға байланысты баға берген С. Хорошунның пікірінше," қаржы банктерге дүйсенбіде ғана түсетіндіктен, құрылыстың басталуына бір жарым апта кетеді".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті