«БЖК - 2020» бағдарламасының сервистік қолдау бағыты Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беріледі - Б.Жәмішев

«Ағымдағы жылдан бастап сервистік қолдауды Ұлттық кәсіпкерлер палатасына беру жоспарланып отыр. Тиісті қаулының жобасы мемлекеттік органдармен келісілген. Оны келесі Үкімет отырысында қабылдауыңызды сұраймыз», - деді Б.Жәмішев Үкімет басшысы Серік Ахметовке қарата.

Сонымен қатар, министр бағдарламаға енгізілетін кезекті өзгертулердің жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдарға енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, аталған өзгертулер аясында қазіргі уақытта бірнеше бағдарлама төңірегінде шоғырланған кәсіпкерлікті қолдаудың барлық тетіктерді ықпалдастыру қарастырылады.


«Аталған қаулы жобасын ағымдағы аптаның соңына дейін Премьер-Министр кеңсесіне енгізу бойынша тапсырма беруіңізді сұраймыз», - деген ол Өңірлік даму министрлігі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2-ші бесжылдығындағы ескерулермен бағдарламаны одан ары өзектендіру бойынша ұсыныстар енгізілетіндігін айтты.