Бұл туралы қор өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"БЖЗҚ" АҚ "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға қосылу арқылы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ның ерікті қайта құрылуына байланысты "Қазкоммерцбанк" АҚ және "Қазақстан Халық банкі" АҚ банк шоттарын біріктіру жұмыстарының жүргізілгенін хабарлайды. "Қазкоммерцбанк" АҚ ағымдағы/карталық шоттарына "БЖЗҚ" АҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушыларға жаңа банк шотын ашу үшін "Қазақстан Халық банкі" АҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ.
Сонымен бірге "Казкоммерцбанк" АҚ-да ашылған карталық шоттар қолдану мерзімдері аяқталғанға дейін жарамды.
Толық ақпаратты www.halykbank.kz сайтынан немесе тегін 88000800059 нөмірі арқылы ала аласыз", - деп түсіндірді "БЖЗҚ" өкілдері.
Еске сала кетейік, мұның алдында 28 шілдеде Qazkom-ды Халық банкіне біріктіру процесі аяқталғаны хабарланған болатын.