БЖЗҚ-ны Ұлттық банк бақылауынан шығару қажет

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында осылай мәлімдеді. 

Елбасы өз сөзінде капиталдану проблемасын шеше алмаған банктер қаржы жүйесінен «кетуі» қажет екенін айтты.

«Ұлттық банк орта мерзімді перспективада инфляция деңгейін 4 пайызға дейін төмендетуі керек. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын, проблемалық кредиттер қорын және басқа да қаржылық институттарды Ұлттық банк бақылауынан шығару қажет», - деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.