Cadillac мінген әкенің алимент төлеуден жалтарғаны анықталды

Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы берген (ЖСО) деректер бойынша, ер адам 6 атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер болып танылған.

«2006 жылы шыққан Cadillac Escalade 5 135 000 теңгеге сатылды. Оның ішінде 3 361 869 теңге алимент бойынша берешекті өтеуге бағытталды. 847 160 теңге көлік салығын өндіріп алуға, сондай-ақ жалпы сомасы 29 040 теңгеге үш әкімшілік айыппұл өндіріп алынды», - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Айта кету керек, қалған қаражат борышкердің шотына аударылды.