Оқиға анықталған сәттен бастап техникалық мамандар тобы тәулік бойы шабуылды тоқтатуға, жүйелерге кешенді аудит жүргізу және ресурстың қауіпсіз жұмысын толық қалпына келтіру бағытында үздіксіз жұмыс атқарды.
Тергеу барысында өздерін Black Field тобы деп таныстырған қаскөйлер компаниямен байланысқа шығып, қаржылай өтемақы талап етті. Олар ұрланған немесе қолдан жасалған корпоративтік деректер мен жеке мәліметтерді жариялаймыз деп бопсалаған.
Осыған байланысты:
Мұндай материалдар толықтай немесе ішінара қолдан жасалған, өзгертілген немесе контекстен жұлынып алынған болуы мүмкін. Олардың мақсаты – компанияға қысым көрсету және қоғамды жаңылыстыру.
«Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС, Caravan.kz медиа-порталының редакциясы және оның қызметкерлері мұндай материалдардың мазмұнына, түпнұсқалығына, сондай-ақ оларды пайдалану немесе жариялау салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген кез келген тікелей немесе жанама зиянға (оның ішінде беделге нұқсан келтіру және моральдық шығындарға) жауапты емес.
Мұндай ақпаратты таратқан тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке өзі қылмыстық, әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылады.
Мұндай файлдарды жүктеу немесе тексерілмеген сілтемелерге өту құрылғыңызға зиянды бағдарламалардың жүктелуіне және жеке деректеріңіздің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Caravan.kz редакциясы әрдайым ашықтық, объективтілік және кәсіби журналистика қағидаттарын ұстанып келеді. Біздің бүкіл қызметіміз Қазақстан Республикасының заңнамасы мен редакциялық стандарттарға толық сәйкес жүзеге асырылады.
Рұқсатсыз қол жеткізу, бопсалау және бұқаралық ақпарат құралының жұмысына кедергі келтіру фактілері бойынша Қазақстан Республикасының құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарына тиісті арыздар мен хабарламалар жолданды. Қазіргі уақытта ресми тергеуге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.
Оқырмандарымызға, серіктестерімізге және әріптестерімізге түсіністік танытып, сенім білдіріп және қолдау көрсеткендері үшін алғысымызды білдіреміз!