Баспасөз қызметі хабарлағанындай, келісім ДСҰ және халықаралық сауда саясаты жөнінде білімді тарату мақсатында жасалды.
"Халықаралық саудада ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасы аса маңызды секторларының бірі. Сондықтан, ССДО мен ҚазАТУ арасында білімді тарату және мамандардың ауыл шаруашылық саласында білімдерін жетілдіру негізгі басымдықтардың бірі", - деп атап кетті сауда саясатын дамыту орталығының президенті Жәнібек Ысқақов.
Келісім аясында қарастырылғанындай, 2008 жылы студенттен мен ұстаздар үшін бірқатар семинарлар мен дөңгелек үстелдер жүргізіліп, оның жұмысына Еуропалық комиссияның халықаралық сарапшылары, Германияның техникалық колдау қоғамының қызметкерлері қатысады. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея мамандарымен тренигтер өткізіліп, КазАТУ студенттерінің ССОД тәжірибе алмасу мүмкіндігі болады.