Целиноград ауданының 18 ауылы дәстүрлі спартакиадада өзара сайысқа түсті

Спартакиадаға Целиноград ауданына қарасты 18 ауыл қатысты. Ауыл тұрғындары спорттың 8 түрі - футбол, волейбол, баскетбол, жеңіл атлетика, күрес, қол күресі, отбасылық старт және кір көтеруден өзара сайысқа түсті.

Жарыстарды Целиноград ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев ашты. Әкім қатысушыларды дәстүрлі спартакиаданың ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Бұқаралық спортты дамытуды ту еткен аудан әкімі көпшілікпен бірге жарыстарға қатысып, волейболдан шеберлігін ортаға салды.

Үшкіндік доданың нәтижесінде жалпыкомандалық бірінші орынды Родина ауылдық округі, екінші орынды Оразақ ауылы және үшінші орынды Воздвиженка ауылы алды. Жеңімпаздарға демеушілер - жергілікті кәсіпкерлердің атынан ақшалай сыйақылар, әкімдіктің грамоталары мен кубоктары табыс етілді.

Спартакиаданы ұйымдастырушы - Целиноград ауданының әкімдігі.