Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпараттарына сүйенсек, 24-қаңтарда Семей қаласының төтенше жағдайлар жөніндегі жедел-кезекшілік қызметіне қала тұрғынынан өз меншігіндегі гаражда сынаптың сақталатындығы туралы хабар келіп түскен.
Гаражда жүргізілен арнайы шаралар барысында 1,5 кг сынап құйылған пластик бөтелке тәркіленді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сынап "Шығыс Қазақстан "Аймақтық экологиялық бетараптандыру орталығы" ЖШС жіберілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті