Cемейде шіріген ағаш жас жігітті басып қалды


Первомай көшесіндегі сәкілердің бірінде отырған 19 жастағы жігітті шіріген ағаш басып қалған. Оқиғаға куәгер болған қала тұрғындары зардап шегушіні ағаш астынан алып шығып, жедел жәрдем көлігін шақырған. Алдын ала болжам бойынша, жас азаматтың омыртқасына зақым келген.