Банктен хабарлағанындай, бұл несие астық экспорттау жөніндегі келісім-шарттарын қаржыландыру үшін "ЦентрКредит Банкі" АҚ-ның бір клиенті үшін алынды.
2004-жылдың 8 айында "ЦентрКредит Банкі" АҚ өз клиенттерінің импорттық-экспорттық келісім-шарттарын қаржыландыру үшін жеке жобалар бойынша жалпы сомасы 57 млн. долларды құрайтын бірнеше ірі көлемдегі несие алды.
Еліміздегі ірі банктердің бестігіне енетін "ЦентрКредит Банкі" АҚ Moodys Investors Service рейтинг агенттігінің шетел валютасындағы банк депозиттері бойынша "Ва1" ұзақ мерзімді рейтингіне, ал Fitch Ratings агенттігінің "В+" рейтингіне ие.