В.Филип Чехиялық фирмалардың "бірлескен кәсіпорындар құру немесе Алматыдағы кәсіпорындармен ынтымақтастыққа" белсене атсалысу мүмкіндігіне қызығушылық білдірді. Ол Алматы мен Чехиялық қалалар арасындағы ықпалдастықтың әлеуеті толық кәдеге жарамай отырғанына ерекше тоқталды.
Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Бөкенов Чехия өкілдерін қалада автобустар паркін экологиялық таза көлік түрлеріне ауыстыру жоспарланып отырғанынан құлағдар етті. Алматының қарқыны дамып келе жатқанын тілге тиек еткен қала әкімінің орынбасары "Чехияда өндірілген өнімдер мен технологиялардың қалаға қажет" екенін атап өтті.
В.Филип осы орайда Чехияның Брно қаласы Алматымен серіктес қала бола алатынын, "мұнда да банктер мен кәсіпорындардың көп" екенін айтты.
Қазіргі жағдаймен Алматыда Қазақстан мен Чехия бірлескен 15 кәсіпорын жұмыс істейді. Жалпы алғанда қалада Чехияның қатысуымен құрылған 30 компания тіркелген. 2004-жылы Алматы мен Чехия арасындағы сыртқы тауар айналымы 41,7 млн. долларды, соның ішінде импорт 24,6 млн., экспорт - 17,03 млн. долларды құрады.