"Чехия Әзербайжанға үлкен мүдделік танытып отыр, және де екі елдің іскер адамдарының арасында да саяси байланыстар орнату қажет",- деді Т. Пойар.
Оның айтуынша, өзінің Бакуге барған сапарының мақсаты екіжақты қатынастар деңгейін көтеру, осы байланыстарды нығайту үшін нормативтік-құқықтық базаларды жетілдіру, тікелей әуе қатынастарын жаңғырту, визалық режимдерді қысқарту және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссия құрудың келешегін зерделеу болып табылады.
Э. Мамедъяров өз кезегінде Әзербайжан Чехиямен сауда-экономикалық, энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалар мен мұнай секторын дамытудағы екіжақты байланыстарды тереңдету маңызды деп санайтындығын атап көрсетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті