Оның атап көрсетуінше, "проблеманы реттеудің бірнеше мүмкіндіктері қарастырылуда. Берешекті тек газ беру жолымен ғана емес, сондай-ақ, ақшалай да қайтаруға болады".
"Біз үшін мәселенің екі жақты бірдей қанағаттандыра ашық шешілуі маңызды",- деді Ц.Свобода. Ал ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл мәселе үкіметаралық комиссия аясында қосымша талқылауды қажет етеді.
Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, бұл жерде мәселе Словакия шекарасында 2,5-3 млрд. текше метрге дейін табиғи газ беру турасында болып отыр.
"Бұл бағыттағы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Екі жақ бірдей барын салған жағдайда бұл мәселенің шешімін жуық арада табуға болады",- деді Қ.Тоқаев.