Чехия президенті Назарбаевты Прагаға шақырды және Астанаға "ЭКСПО-2017" келуге уәде берді


"Бұрын экономикалық керемет дегенде Германия, Жапония немесе Оңтүстік Корея саналатын, енді біз Орталық Азияны да салыстыра аламыз, өйткені Қазақстан бүгінде экономикалық керемет орталығы болып отыр", деді ол дүйсенбіде Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Ол еске салып өткендей, Чех Республикасы үкіметі жуық арада шешім қабылдаған, оған орай Қазақстан сол елдің басымдық әріптесі ретінде аталған. "Бұл шешім қазіргі Ресей мен Украина арасындағы дағдарысқа орай емес, стратегиялық ұзақ мерзімді тұрғыдан қабылданып отыр", деді ол.
Чехия президенті Назарбаевты Прагаға шақырды және Астанаға "ЭКСПО-2017" келуге уәде берді.