Чехия үкімет басшысының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Ц.Свобода ресми сапармен Қазақстанға келеді

Сапар барысында Ц.Свобода Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов, сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев сынды ресми өкілдермен жүздеседі.

Сондай-ақ, Чехия үкімет басшысының орынбасары Елбасының мәдениет орталығын, "Астана бас жоспары" кәсіпорнын және "Бәйтерек" кешенін аралайды деп жоспарланған.
Ц.Свободаның елімізге жасайтын ресми сапары 31-қаңтарда аяқталады.