Чехиядағы Қазақстан елшісі Словакиядағы елші қызметін қоса атқаратын болды


АСТАНА. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Чехия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шәріп Омаров Қазақстанның Словакия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқаруға тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.