Бұл туралы тілшілерге республика полициясының өкілі хабарлады, деп жазады ТАСС.
Полицияның хабарламасынан: «Жарылыс орташаеуропалық уақыт бойынша шамамен сағат 07:30-да орын алған. Жарылыстан кейін кәсіпорында өрт болды. Абырой болғанда, қаза тапқандар мен ауыр зардап шеккендер жоқ».
Поличкадағы машина жасау зауыты жарылу қаупі бар материалдармен жұмыс істейді. Полицияның мәліметтерінше, дәрі кәсіпорынның қоймасында жатқан. ТЖ себептерін тергеу анықтап жатыр.