Челах отырған түрмеде 19 адамнан коронавирус инфекциясы расталды

Ресми ақпаратқа сәйкес, ауру жұқтырғандардың 11-і ер адам болса, қалған сегізі – әйел. Барлығы қылмыстық атқару жүйесінің 161/3 мекемесінде жұмыс істейді. Науқастардың жасы – 21-54 аралығында. Бұған дейін бәрі коронавирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған.

Түрме қызметкерлері казармада тұрған. Қалаға ешкім шыққан жоқ.


Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қостанай облысында 98 науқас тіркелген. Ал республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 6 751 адамға жетті.