«Chemistry Cup» турнирінде тоғыз қазақ боксшысы жартылай финалға шықты


64 келі салмақ санатында жұдырықтасатын боксшымыз Бекдәулет Ибрагимов жарыс жолын ерте аяқтауға мәжбүр болды. Дегенмен байрақты бәсекені 9 спортшымыз жалғастырады. Атап айтқанда, 81 келіде Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда украиндық Максим Коцпен, Қайрат Ералиев (56) америкалық Дюк Раханмен, Абылай Жүсіпов (69) поляк Демиан Кивиормен, Ержан Жомарт (49) эквадорлық Карлос Купомен, Азамат Исақұлов (52) америкалық Гилберт Рентеримен, Әділет Құрметов (60) америкалық Деланте Джонсонмен, ал Василий Левит (91) украиндық Константин Пинчукпен жекпе-жекке шығады. Әділхан Аманқұл (75) неміс боксшысы Сильвио Ширлимен және аса ауыр салмақтағы боксшымыз Қамшыбек Қоңқабаев тағы бір неміс боксшысы Макс Келлермен айқасады.