Санаулы сәттер бұрын Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан тағы екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Испандық «Барселона» 1/8 финалы аясындағы қарымта кездесуде франциялық ПСЖ-ны 6:1 есебімен тізе бүктірді.
Үзіліске дейін каталондықтар 2 гол салып үлгерді. 3-ші минутта Суарес есеп ашқан. Ал 40-минутта Иньеста бағыттаған допты өз қақпасына ПСЖ ойыншысы Левен Курзава салып алды.
Екінші таймда «Барселона» тағы 4 гол салды. 50-ші минутта Лионель Месси пенальтиді голға ұластыра білді. Оған ПСЖ форвард Эдинсон Каванидің голымен жауап қайтара алған. Алайда бұл француздардың қарымта кездесуде салған жалғыз голы болып қалды.
Ойынның соңында Неймар жанкүйерлерін қуантты. 88-минутта гол салып, 90-минутта пенальтиді сәтті орындады. Ал жеңіс голын Серджи Роберто салды.
Еске сала кетейік, алғашқы ойында «Барселона» ПСЖ-дан оңбай жеңілген (4:0) еді. Бірақ екі ойынның қорытындысы бойынша жалпы есеп 6:5 - "Барселона" келесі кезеңге өтті.
Loading...
Паралель өткен ойында немістің "Боруссиясы" өз алаңында португалиялық "Бенфиканы" 4:0 есебімен жеңді. Бұл екі команданың алғашқы ойынында «Бенфика» 1:0 есебімен жеңген болатын. Бұл жұптан келесі кезеңге жалпы 4:1 есебімен «Боруссия» өтіп отыр.
Loading...
Айта кетейік, кеше испандық «Реал Мадрид» италиялық «Наполиді» (3:1 және 3:1), немістің «Бавариясы» ағылшынның «Арсеналын» (5:1 және 5:1) жеңіп, ширек финалға шыққан еді.
ЧЛ 1/8 финалы аясында келесі ойындар наурыздың 14-інен 15-іне қараған түні өтеді. Италиялық "Ювентус" өз алаңында "Портуды" қабылдайды. Ал ағылшынның «Лестер» командасы испандық "Севилья" командасымен кездеседі. Қос ойын да Астана уақытымен 1:45-те басталады.