Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы коронавирусқа байланысты тоқтатылды

Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты мәлім етті, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы tengrinews.kz-ға сілтеме жасап. 

"Бұл матчтардың қашан өтетіні туралы шешім алдағы уақытта айтылады", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар, еурокубоктардың 1/4 финалына жеребе рәсімі де басқа уақытқа ауысты.

Бұған дейін коронавирусқа байланысты Еуропаның футболдан бірқатар лигасы тоқтатылған болатын.