"Чемпиондарға бәрі жарасады": Ақордада бір-бірімен күресе кеткен олимпиада чемпиондары елдің қызу талқысына түсті

Спортшылардың бір-бірімен әзілдескен видеолары елдің қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Спортшылардың Ақордада бір-бірімен белдесе кеткен сәті желіде тарады. Онда олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Демеу Жадыраевтың бір-бірімен әзілдесіп, күрескен сәтін анық көруге болады.

Спортшылардың бұл қылығын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Олар: "Чемпиондарға бәрі жарасады", "Қандай қарапайым жандар, жып-жылы видео", "Жарайсыңдар жігіттер, аман болыңдар" деген пікірлерін жаудырып жатыр.