Чернобыль апатын алғашқы болып суретке түсірген фотограф қаза тапты

29 жылдан соң көлік апатында көз жұмды, деп хабарлады www.24.kz.

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом стансасында болған апатты ең бірінші болып, объективке алған фотограф Игорь Костин Киевте 79 жасында көлік апатынан қаза тапты. Бұл туралы оның жұбайы Алла Костинаға сілтеме жасаған әлемдік БАҚ хабарлады.

Апатты аймақтан ұшақпен түсірілген суреттердің барлығын радиация жалмап, тек осы төртінші энергоблоктың суреті тұтас қалған екен. Ақыры осы сурет апатты сипаттайтын негізгі бейнеге айналды. Кейіннен Костин қаланы тазалау операциялары мен апаттан соң туылған науқас балаларды суретке түсіру үшін Чернобыль аймағына бірнеше рет барды. Ол осы бір көзсіз ерлігі үшін фотожурналистика саласындағы ең беделді World Press Photo жүлдесінің лауреаты атанды. 

Қауіпті қызметпен айналысу кезінде Костин 150 рентген мөлшерде сәулеленуге шалдықты.