Чернобыль және жергілікті қақтығыстардың ардагерлері Одағы жалған атақ жамылып жүргендерді анықтау мақсатында тексеру жүргізбек

"Біздің қолымызда, "Чернобыль Одағы" республикалық ұйымының бұрынғы жетекшісі Болат Раздықовтың бірнеше мәрте Чернобыль апатына қатысқаны туралы куәлік жасатқаны жөнінде мәлімет бар",-деді бір чернобыльдықтың арызына сілтеме жасап Р.Әбдікәрімов. "Менде сол куәліктердің көшірмелері бар", деп мәлімдеді ол.

Р.Әбдікәрімовтың айтуынша, "әрқайсысын жіті тексеру қажет: қайда болды, қашан және куәлікті қалай алды"."Куәлікті сатып алғандар заңсыз болсада мүгедектікке берілетін өтемақы алып отыр", деп атап өтті Одақ президенті.

"Мен қорғаныс министрлігі мен халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне , барлық чернобыльшыларды тексеру қажеттігін айтып, өтініш жасадым" ,-дейді Чернобыль ардагерлері Одағының президенті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті