-Шалқар чики-чики ғой. Жоқ, ақша жоқ. Қысқасы жоқ десейші, басыңды ауыртпа. Биылға ақша жоқ. Ақша болған жағдайда мұрын боғын шашыратып істейміз бәрін.
Шалқайып отырып сұхбат берген Шалқар ауданының шенеунігі бүгін де өзіне нық сенімді. Тәртіптік кеңес мүшелері жергілікті тілшіге қыңыр жауап қайтарған Аян Қорқытұлының жер-жебіріне жетіп сөкті. Дегенмен, алғашқыда сөздері зілді шыққанымен, кейін оны қызметінен кетіруге қарсы болды. Енді «чики-чики» шенеуніктің алты ай бойы ағынан жарылмай, ауызын бағып жүруіне тура келеді. Себебі осы уақыт ішінде ескерту алатын болса, қызметімен бір күнде қош айтысады. Ал сұхбат беремін аузы күйген аудандық атқамінер жиын біткен тілшілерден тұра қашты.
Loading...