Чилиде Кальбуко жанартауы соңғы бірер сағат ішінде екі рет атқылады


Соңғы сағаттарда жанартауға жақын маңдағы елді мекендерден төрт мыңнан астам адам эвакуацияланды. ІІМ хабарлауынша, қауіпті аймақта 60 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
Мамандар Кальбуконы әлемдегі аса қауіпті жанартаулар қатарына жатқызады. Ол соңғы рет 1972 жылы атқылаған болатын.