Чилиде қуатты жер сілкінісі болды

Жерасты дүмпулерінің ошағы Вальпарансо қаласының жанында орналасқан.

Тынық мұхитының цунами туралы ескерту орталығының мәліметіне сәйкес, таяу бірнеше сағатта Перу мен Чили жағалауында цунами болуы мүмкін.


Рейтер агенттігі негізгі жер сілкінісінен кейін Чили астанасы Сантьяго қаласында бірнеше қуатты дүмпу болғаны туралы хабарлап отыр.