Чилидегі орман өртінен 30 адам зардап шекті

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бейсенбіде қаланың таулы аймағын өрт шарпыды. 50 км/сағ-қа дейінгі қатты желдің әсерінен өрт тез таралып, шамамен 125 гектар аумақты қамтыды. Бірнеше аудандардың тұрғындарын эвакуациялауға тура келді.

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, Чили Президенті Габриэль Борич елде төтенше жағдай енгізді.