Чилидегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 25 адамға жетті


Чили үкіметінің мәліметіне сүйенсек, 100-ден аса адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Анд тауларында толассыз жауған жаңбырдан қаланың тау бөктерінде орналасқан бөлігін су алған. Мыңдаған адам электр жарығы мен ауыз сусыз қалды.