Chocolife.me сервисінің бұрынғы ІТ-директоры құпия мәліметтерді ұрлады деп айыпталып отыр.
Алматы қалалық Қаржы полициясы департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, 20-тамызда оның үстінен Қылмыстық кодекстің 200-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Тексеру барысында ІТ-директордың базаларды басқару жүйесі арқылы коммерциялық құпия болып саналатын мәліметтерді көшіріп алғаны анықталды.
Ол ешқайда шықпау туралы қолхат негізінде босатылды.