Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы malim.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазір Қытай әлем бойынша астық импорттайтын нөмер бірінші елге айналды. Астық – мемлекет қауіпсіздігіне, саяси тұрақтылыққа, экономиканың дамуына әсер ететін негізгі стратегиялық дүние. Әскери шабуыл мен қорғаныста да – ең маңызды қару. Кім астық шаруашылығын монополияласа, сол әлемнің саяси-экономикалық құқығын меңгере алады.
Қытайда мықты өнеркәсіп болғаныменен, ауыл шаруашылығы – әлі де мешеу. Бұл салада әлемдегі ең ірі елдердің қатарына кірмейміз. Кезінде АҚШ дипломаты Киссенджер: «Мұнайды меңгерсең, барлық мемлекетті меңгергенің, астықты меңгерсең, барлық адамды меңгергенің» деген болатын.
Қытайдың демографиялық көрсеткішінің жоғарылауына байланысты астық азайып, жетіспеуде. 2002 жылдан бері қазірге дейін Қытайдың астық импортының өзі 800 пайызға артқан. Осылайша әлемдегі ең ірі астық импорттайтын елге айналдық. Әсере, бидай мен күріш импорты қарқынды өскен. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжауынша, 2020 жылы астық өндірісі бізде 554 миллион тонна жетеді. Соның өзінде 100 миллион тонна астық Қытай халқына жетіспейді.
Астық импортының жоғарылап бара жатқанына қоса, Қытайдың егістік жері жыл сайын 400 мың гектар жерге азайып бара жатыр. Бұл біздің қаупімізді одан әрі күшейтіп барады.
Қытайдың қазіргі ең үлкен тағы бір мәселесі – гені өзгерген азықтар. Ұрығы жоқ көкеністер мен жемістер. Шетелден ұрық әкеп отырғызғанымызбен, олардан келер жылға тұқым қалмайды. Будандастырылған күріш, жүгері сияқты өнімдер – бір жылдық қана асымыз. Сөйтіп біз тұқым жетіспеушілігінен ауыр жағдайда тұрмыз.
Қазір амал жоқ, жүгері, бидай, күрішіміз тұқымдыққа жарамайды. Көкеніс, жеміс-жидектеріміз де солай. Егер тұқымдық өндіру басқа мемлекеттердің қолына өтіп кетер болса, олар бір тал оқ атпай-ақ, бір жазда бүкіл Қытай халқының шаруасын бітіреді. Былайша айтқанда, шетелдіктер бізге ешқандай тұқым сатпай қойса, бір жазда аштан қырыламыз.
Ауыл шаруашылығы министрлігі тұқым алу жағын осы уақытқа дейін жетілдірген жоқ. Сол жағынан мешеуміз. Әлі шетелден аламыз. Одан сырт жыл сайын қанша астық аламыз. Биыл коронавирусқа байланысты әлемде астық тапшылығы болуы мүмкін. Біз қанша қымбатқа сатып алғымыз келсе де, олар сатпауы мүмкін. Себебі өздеріне де керек.
Биылғы ауыр жағдайға байланысты негізгі астық өндіретін аймағымыз егістік уақытын өткізіп алды. Дер кезінде шаруа істелген жоқ. Қолда тұрған тұқымымыз да жоқ. Сондықтан алда бізді үлкен сынақ күтіп тұр. Ашаршылық болуы мүмкін. Соның алдын алу үшін ауыл шаруашылығы министрлігі барлық жағдайды ескеріп, дереу іске кіріскендері жөн. Біздің жағдаймыз жантүршігерлік хәлде», – дейді Чжун Наньшань.
Чжун Наньшань – қазіргі Қытай ахуалы туралы негізі сөзді айтып жүрген сарапшы, ғалым. ҚХР халқы қазіргі жағдайда Қытай билігінен гөрі осы академиктің сөзіне көбірек иланады.