«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының шапшаң жеңістері

Астанада «Сергек» деп аталатын бейне-бақылау жүйесі 2017 жылдың 15-ші қыркүйегінде орналастырылған болатын. Содан бері қаладағы қауіпсіздік пен жол қозғалысын бақылап, заң бұзушылықтардың алдын алуда. Сондай-ақ, «Сергек» камераларының көмегімен мемлекеттік бюджетке 240 млн. теңге көлемінде қаржы түсті. 

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтың айтуынша, 2017 жылы «Сергек» камералар жолдағы қылмыстық құқық бұзушылықты 30 пайызға, жол-көлік оқиғасын 18 пайызға қысқартқан. Қазіргі таңда қалада 6500-ге жуық бейне-бақылау қондырғылары қойылған. 2018 жылы қаланың барлық көшесі «Сергек» камераларымен қамтылады. 

Астана қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің мәліметіне сүйенсек, «Сергек» камераларының көмегімен 1 аптада 2500-ден аса жол жүру ережелерінің бұзыландығы тіркеледі екен. Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзушылықтар да анықталуда. Яғни, 1 аптада 17 қылмыс, 1500-ге жуық құқық бұзушылықтар тіркеліпті.2018 жылы «Сергек» камералары арқылы өңірде 12082 заң бұзушылық анықталып, олар үшін төленген айыппұл мөлшері 55 млн. 155 мың теңгені құрады. Ал, 2017 жылы 35654 заң бұзушылық болып, 242 млн. теңгені көрсеткен. 

Тағы да айта кетерлік жайт, «Сергек» бейне-бақылау жүйесі жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтауға септігін тигізуде. Астана қаласы Ішкі істер департаментінің мәліметінше, аталған камералар орнатылғаннан кейін 2017 жылы 70 мыңнан аса жол жүру ережелерін бұзу фактілері тіркелген, ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 50 мыңды құраған. Сонымен қатар, «Сергек» камералары қылмыстың ашылуына және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету секілді басқа да келеңсіз жағдайларды дер кезінде алдын алуға мүмкіндік береді.

EGOV арқылы бизнес ашу процедурасы жеңілдетілді

Қазақстандықтар үшін онлайн-режимде бизнес ашу қызметі бес жылдан бері қолжетімді болып келеді. Осы уақытқа дейін кәсіпкерлер заңды тұлға ретінде тіркеліп, одан кейін банкте есепшот ашып, сонымен қатар сақтандыру компанияларына өздері баратын болған.Қазір бұл қызметтер электрондық үкімет порталында ықпалдастырылды. 

Жаңа жеңілдетілген функция осы жылдың басынан бастап қолжетімді. Үш жеке қызмет біріктірілді, енді бизнесмендер қажетті қағаздарын әр түрлі жерлерде рәсімдеуге уақыттарын кетірмейді.

Қазіргі кезде кәсіпорынды онлайн-режимде тіркеу кезінде «ForteBank», «Цеснабанк», «Халық банкі» және «Альфа-Банк» сияқты банктерден банктік есепшотты бір мезетте ашуға болады. Электрондық тіркеу кезінде «Мемлекеттік аннуитеттік компания» және «Asia-life.kz» компанияларымен сақтандыру келісімшартын жасауға болады. 

Келешекте тағы да тоғыз банк пен төрт сақтандыру компаниясы қосылатын болады. 

Бизнесті онлайн-тіркеу нұсқасы өте қолайлы. Егер бұрын бизнесті рәсімдеуга бір ай уақыт кететін болса, қазір Egov порталында оны жарты сағаттан аз уақытта жасауға болады. Сондай-ақ, әр түрлі құжатты жинау және мемлекеттік инстанцияларға бару қажет емес. Сайтта өтініш толтырғанда бизнесменнің жылжымайтын мүлігінің болуын бірден тексереді. 

Көлікті цифрландыру: ақылмен жасалған

Соңғы жылдары Қазақстандағы қалалық инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлуде. Ірі қалалар ортаны көркейту үшін қажетті қаржыландырды алып жатыр. Алайда, тұрғындар саны үнемі өсетін қалаларда трафик немесе әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы ерекше қатты сезіледі. Сол себептен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, республика аймақтарында, анағұрлым жайлы өмір сүруге қажетті «Smart city» жобасы іске асырылуда. 

«Smart city» жобасы (ағылшын тілінен аударғанда «Ақылды қала) қалаллық инфрақұрылымды жетілдіру есебінен азаматтар үшін қосымша жағдай жасауды жобалайды.

Жаңа технологияларды қолдану – «ақылды қала» жобасының басты қағидаларының бірі. Жаңа технологиялар ірі елді мекендердің ішіндегі көлік жүйесіне аса қажет. Тәжірибе көрсеткендей, қалалықтар орта есеппен автобус қызметтерін күніне 2-3 рет пайдаланады. 

Солай бола тұра, Қазақстанның көптеген қалаларында қоғамдық көлік қозғалысын реттеу жүйесі қажетті жайлылыққа жеткізілмеген. Бұл әрине жолдардағы қоғамдық көліктің басымдылығын төмендетеді және жолаушыларға қолайсыздық туғызады (автобусты ұзақ тосуға қатысты). Дегенмен, қазір еліміздің көп қалаларында диспетчерлеу және мониторингтеу жүйесін енгізу арқылы автобустар қозғалысын мобильдік қосымша арқылы қадағалауға болады.

Мысалы, Петропавловда 300 автобус GPS-трекерлармен жабдықталған және Infobus қоғамдық көлігінің онлайн- мониторинг жүйесіне енгізілген. GPS-трекер диспетчерға көліктің қай жерде екендігі жқнінде ақпарат жеткізіп отырады. Өз кезегінде, жолаушы қосымшаны жүктей алады және нақты уақыт режимінде өзіне қажет автобустың қай жерде екенін көре алады. Күн сайын 2 мың қалалық өздерінің баратын жерлерін оңтайлы жоспарлап, уақыттарын үнемдей алады.


Петропавлда Infobus-ты жүктегендерідің жалпы саны -15 000. Пайдаланушылар, жергілікті қатаң климатты ескеріп, суық жыл мезгілдерінде қосымшаның пайдалы екенін атап өтеді. Бұдан әрі Петропавлда электрондық диспетчерлеу жүйесін енгізу, барлық автобус аялдамаларын қоғамдық көліктің шығатын жері және келетін уақыты, жолға жұмсайтын болжамды уақыты көрсетілген және көптеген басқа да пайдалы ауыспалы ақпаратты табломен жабдықтау жоспарлануда.

Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығында автопаркті қадағалау құрылғыларымен жабдықтау 92%-ды құрайды. Статистикаға сәйкес, Оралда қосымшаны 23 247 пайдаланушы жүктеген, бұл қаланың барлық тұрғындарының 8% -дан астамын құрайды. Сондай-ақ жергілікті әкімшілік жол ақысын мобильді телефон арқылы төлеуге арналған SMS BUS пилоттық жүйесін енгізді.

Infobus қосымшасы Қазақстанның көптеген қалаларында іске қосылған: Талдықорган, Семей, Көкшетау, Қараганды, Орал, Өскемен, Қостанай, Атырау, Актау, Щучинск, Петропавловск, Теміртау, сондай-ақ Астана. Әзірлеушілер республиканың басқа да ірі елді мекендерін қамтамасыз етуді жоспарлауда.

Жалпы алғанда Қазақстан бойынша 800 мың адам жүктеген. Жүктеген пайдаланушылар саны жағына Астана қаласы көш бастап келеді, бұл ретте астана үшін жеке Astra Bus қосымшасы әзірленген. Нақты уақыт режімінде қалалық автобустардың жүрген жерін қадағалауға арналған Astra Bus мобильді қосымшасы 2016 жылы қаңтарда іске қосылды.

Қазіргі кезде қосымшаны жүктеушілер саны 700 мыңнан асты. Қосымшаны ай сайын белсенді пайдаланушылар – 280 мың. Қосымша бағдарларды жүргізуге мүмкіндік береді және үш тілде қолжетімді. Сонымен қоса, астаналық қоғамдық көліктер үшін жол жүру ақысын төлеуге арналған Astra Plat жүйесі әзірленген. Аудару арқылы төлем жасауда қосымша жол жүру және бір сағат бойы тегін жүру түріндегі бонустар беріледі.

Астана Қазақстандағы автобустарды қадағалауға арналған жалғыз ғана қала емес. Алматы қаласында CityBus сервисін қолданған қолайлы, қазіргі кезде ол барлық бағдарлар мен автобустарды анағұрлым толық қамтиды. Төлем жүйелеріне қатысты, 2015 жылдан бастап СМС бойынша төлем жасауға болатын «Оңай» көліктік картасы сондай-ақ, мәдени нысандарға кіруге (хайуанаттар паркі, Медеу мұз айдыны) төлем жүйелері енгізілген. 

Жақын арада қоғамдық көліктің қозғалысы туралы ақпараттарды, аялдамаларда орнатылатын таблоларға шығару жоспарлануда. Ақтөбеде автобустарды қолданушылар үшін өздерінің AktobeBus деп аталатын сервистері бар. Қалада көлікті диспетчерлеуге арналған талдамалы жүйе қызметі ұйымдастырылған.Оңтүстік Қазақстан облысында автобустарды мониторингтеу бойынша қосымша әзірше іске қосылмаған, алайда, қоғамдық көліктің 95% GPS жүйесімен жабдықталған. «Smart city» жобасын іске асыру аясында, ағымдағы жылы республиканың көптеген қалаларында қалалық жолдарды жалпылай жаңғырту бойынша жоба жүзеге асырылады. Жоба шеңберінде диспетчерлеу жүйесі енгізіледі, автобус аялдамалары жаңартылады, бағдаршаммен басқару жүйесі қолданылатын болады. Цифрландыруға тек үлкен қалалар ғана емес, әрбір облыс атсалысуға шақырылған.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.