PetroKazakhstan компаниясы директорларының кеңесі компанияның арнаулы комитетінің нұсқауы негізінде акционерлерге CNPC International Ltd. компаниясының ұсынысын қабылдап, келісімге қол қоюға нұсқау берді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, CNPC International Ltd. "Жаңа компания туралы ұсыныс" деп аталатын балама ұсынысты қарауға келісті. Бұл ұсыныс бір акция үшін ақшалай 55 доллардың орнына бір акция үшін ақшалай 54 доллармен қоса жаңадан құрылатын мұнай компаниясының бір акциясын алуға мүмкіндік береді. Жаңадан құрылатын мұнай компаниясы Орталық Азия аймағындағы Қазақстаннан өзге мемлекеттердің аумағындағы мұнайгаз саласына инвестиция салу мүмкіндіктерін ("Орталық Азиялық инвестициялық жоба") қарастырмақшы.
Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, Жаңа компания туралы ұсынысты қараған CNPC International Ltd. PetroKazakhstan компаниясына аталмыш ұсынысты келісімге қамтуды қаламайтынын хабарлады. CNPC International Ltd. бұл шешімнің себептерін біріншіден, сауда-саттықты құрылымдау мен жоспарлауға әсер ету мүмкіндігіне, келісімге қол қойылғаннан кейін PetroKazakhstan жүктеп алатын немесе сақталып қалатын міндеттемелерге әсер ету мүмкіндігіне, екіншіден, келісімнің мерзіміне әсер ету мүмкіндігіне деген алаңдаушылықпен байланыстыра түсіндіреді.
PetroKazakhstan акционерлерінің Орталық Азиялық инвестициялық жобаға атсалысу құқығын қамтамасыз ету үшін, егер келісім табысқа жетпеген жағдайда, CNPC International Ltd. PetroKazakhstan компаниясының аталмыш жобаны дамытуға қатысты ағымдағы жұмыстардан белгілі дәрежеде шығынға ұшырауы мүмкіндігімен келісті. Бұған қоса CNPC International Ltd. келісім табысты аяқталған жағдайда компанияның төрағасы мен бас атқарушы директоры мен басқарушылар құрамындағы басқа да жекелеген тұлғалардың Орталық Азиялық инвестициялық жобаны жасауға атсалыса алатындығымен келісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті