"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарау қажет - Қоршаған ортаны қорау министрі

"Газ тазалау қондырғысының тиімділігін арттыру мен қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарауға компания айрықша назар аударуы керек", - деп атап көрсетті министр.

"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ жоспарлап отырған мұнай шығару көлемі 2008 жылы 5,7 млн тоннаны құрайды. Ол 2007 жылғы көрсеткіштен 100 мың тонна артық. Сондай-ақ, 1,01 млрд текше метр газ шығару жоспарда бар. Ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 127,9 млн текше метрге артық.